$ 448.15  483.46  4.86

Аша Матайдың жаңа шаш үлгісі жанкүйерлеріне ұнап қалды

«Қалаулым» бағдарламасын жүргізгелі Аша Матайды жиі сынға алушылар қатары көбейді. Десе де актрисаның жанкүйерлері бұл жолы оның жаңа шаш үлгісін сөз етіп, ұнатқандарын жасырмады.

Аша Матай бұған дейін қара түсті шашпен жүрсе, бүгінгі суретінде  бұрымы ашық қоңырмен әрленіпті.

«Өте жарасымды. Арман ғашық боп жүрген шығар», «Осы түс сізді жақсы ашады екен», «Керемет. Әрдайым осылай құлпырып жүріңіз», «Бұрыннан осылай өзгертуіңіз керек еді. Ғажап»,  – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары