$ 445.66  474.58  4.78

«Енеңнен ұялмайсың ба?»: Жартылай жалаңаштанған актриса сынның астында қалды

Отандық актриса Айнұр Ілиясова көпшілікке жартылай жалаңаш денесін көрсетемін деп сынға қалды. Декреттік демалыста отырған ол артық салмақтан арылғанын айтып мақтанғысы келген.

«Мен қатты арықтап кеттім. Қазіргі салмағым - 51 келі. Бұрын 53-54 болатын. Қалай деп сұрасаңыздар, мұның бір ғана құпиясы бар. Тек жұмыс істедім. Еш бос отырмадым. Тіпті тамақ жеуге, жаттығу залына баруға да уақытым болмады. Бірақ кішкене салмақ қосу керек сияқты», – деп жазады актриса өз Instagram-парақшасында.

Айнұр Ілиясова өзін «Енеңнен ұялмайсың ба?» деп сөккен желі қолданушыларына енесінің заманауи адам екенін ескерте кеткен. Сөзіне қарағанда, ол келінінің жартылай жалаңаш денесін көрсетуіне еш қарсылығын білдірмейтін көрінеді.

Десе де, оқырмандары актрисаның бір шаңырақтың келіні, әрі ана екенін алға тартты.