$ 443.85  474.3  4.8

"Көтенін сипап жігіт бопсың": Әбдірайымов Байзақовамен клип түсірген қазақ әншілерін сынап тастады (ВИДЕО)

Атышулы Байзақовамен клипке түсуді абырой санаған "Alem band" тобының жігіттерін Бағлан Әбдірайымов келемеждеді. Әнші өнер сахнасына енді ғана қадам басып, оң-солын тани қоймаған жастардың алаңғасарланып блогермен бейнебаян түсіргеніне ашуланды. 

"Еркош, аузыңнан ана сүті дәмі кетпеген, буыны қатпаған, сары ауыз балапан едің. Қазір Байзақовамен клипке түсіп, көтенін сипап, жігіт болыпсың. Қасыңдағы жігіттерді де құттықтап қой. Ата - аналарыңның ағайын-туыс алдында беделдері артып, "міне біздің балаларымыз" деп мақтанып жатқан болар, иә? Рухани жаңғыру аясында руханиятымызды дамытуға қосқан үлестерің үшін алғыс айтамын. Отбасымызбен дастархан басында сүйсініп, тамашалайтын клип екен", - деп келемеждеді әнші.

Айта кетейік, "Alem band" тобының жігіттері биыл жыл басында Айжан Байзақовамен бірге "Қалаулым" атты клип түсірген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары