$ 448.89  477.93  4.76

«Сені де қазақтың қызы дейді-ау»: Кәмшат Жолдыбаева ресейлік Ольга Бузоваға еліктеп жүр ме?

«КешYOU» тобының экс-мүшесі, белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева стилін өзгертемін деп жұрттың сынына қалды. Әр концерттік бағдарламада өзгелерден ерекше болуға тырысатын ол бұл жолы ресейлік әнші, актриса, тележүргізуші Ольга Бузоваға еліктеген сыңайлы.

«Бұл образ мен үшін тағы да эксперимент болды. Әр кезде басыңда идеяның болғаны қандай жақсы. Сондайда қасыңнан кәсіби маманның табыла қалатыны да керемет. Ойлап жүрген арманымды іске асырғандарыңыз үшін рахмет!», – деген Кәмшат өз Instagram-парақшасына жаңа образда түскен суреттерін жүктеген.

Ал желі қолданушылары Кәмшат Жолдыбаеваны «Балық аулайтын адамдарға ұқсап қалыпсың», «Саған бұл стиль мүлдем жараспайды» деп сынап жатыр.

Айта кетсек, мұның алдында да әнші төсін ашып суретке түскені үшін жұрттан сөз естіп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары