$ 448.89  477.93  4.76

«Әзірге тірімін, сауығып кетуге үмітім бар»: Арман Дүйсенов созылмалы дертке шалдыққан

Белгілі композитор Арман Дүйсенов созылмалы дертке шалдыққан. Көп уақыттан бері ауруынан айыға алмай жүрген ол ем алуға Корея еліне аттанды.

«Сеулге кетіп бара жатырмын. Әйтеуір Жаратқан иеміз созылмалы сырқаттан емделу курсынан өтуге мүмкіндік берді. Әдеттегідей, мені жолға ең жақын адамым шығарып салуда. Жаратқан иемізге алғысым шексіз. Сондай-ақ, осындай кезде қолдау көрсеткен қымбатты ағама, отбасыма рахметімді айтқым келеді. Емделіп кетемін деген үмітім бар. Әзірге тірімін, үміт етемін», – деп жазды композитор өз Instagram-парақшасында.

Бұл ретте, желі қолданушылары Арман Дүйсеновке «Тез сауығып кетіңіз. Сіз бізге керексіз» деп, елге аман-есен оралуына тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары