10.07.2018, 11:16

"Жылап жаяу қайтқам": Айнұр Тұрсынбаева бір кездері гонорар төлемеген той иесінің аяғына жығылып келгенін айтты

Айнұр Тұсынбаева студенттік жылдардағы қиын күндерін есіне алды. Тойға барып күнкөріс еткен ақынды менсінбегендер де болыпты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

"Студент кезім.. Жатақxанада тұрамын, ақша жоқ, тамақ жоқ.. Бөлмелерді аралап қарыз сұрап жүрмін.. Сөйтіп қиналып отырғанда колледж директоры шақыртты. "Бір ағамыз анасының тойына сені шақырып жатыр, арнау айтып бер, ақшасын төлейді" демесі бар ма..?! Домбырамды көтеріп шауып бардым. Той өтті! Той иесі барлық әншілерді шақырып гонарар төлей бастады. Кезек маған келгенде "қайда тұрасың?" деді, жатақxанада тұратынымды естіді де "қарның аш шығар, саған продукты жетеді ғой" деп кете берді. Бір кезде әйелі шығып бір пакет бауырсақ пен піскен ет берді.. Қайтайын десем таксиге ақшам жоқ, ұялы телефон ол да жоқ. Жердің түбіндегі жатақxанаға жаяу қайтуға тура келді. Қараңғы түн. Бір қолымда домбыра, бір қолымда пакет. Қорқып та келем. Жылап та келем. Бірақ ол кісіні жек көріп, қарғап сілеу миымда болмады. "Мен кіммін құрметтеп шығарып салатын" деп бір жыладым да қойдым.. Ол күндер де артта қалды..

Жақында бір таныс кісілер xабарласып "бір ағайдың анасы 70-ке толып жатыр, қаншаға келе аласың?" деп сұрайды. Сұрастырсам баяғы ағай! Баяғы 50-ге толған анасы енді 70-ке толып жатыр екен. 20 жылдан соң алдыма келіп тұр! Бірден бара алмаймын дедім. Себебі сол күндері шет елде едім. Артынан өзі телефон шалды. Анасы мені жақсы көреді екен. "Айнұр тойды ашып берсін" деп өтініп тұр. Қанша сұрасам да беретін түрі бар.

Айтайын дегенім егер сізді сыйламаса, бағаламаса ешкімге ренжімеңіз. Дәлелдеңіз! Такаппарлық көрсеткен адамды Аллаға тапсырып қоя салыңыз! Алла ешкімнің xақысын жібермейді. Дүние кезек екенін ұмытпасаңыз болды. Тек қана асықпаңыз! Өмір тамаша!", - деп бөлісті ол.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.