$ 448.15  483.46  4.86

«Әйтеуір мін табасыздар»: Меденова «сұлулығың жасанды» дегендерге жауап берді

«КешYou» тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова «сұлулығың жасанды» дегендерге жауап берді. Операциядан қорқатынын айтқан табиғи сұлумын деп мақтанды.

«Күннің аяқталуына қарай менен бір жақсы сурет болсын. Бірақ сіздер міндетті түрде бір мін табасыздар ғой. Біресе шашым өзімдікі емес, көзім де табиғи емес, т.б. Біреуге бірдеңе дәлелдеуге уақытым жоқ. Тек әдеттегідей сіздерге жақсылық пен қайырлы түн тілегім келіп отыр. Шашым да, көзім де, бәрі де өзімдікі. Жалпы үнемі шаш жалғауға ерінемін, көзге ота жасатуға мүлдем қорқамын», – дейді Айдана.

Айта кетейік, жақында ғана корейдің шоу-бизнес өкілдері Айдана Меденованы шақыртып, оның табиғи сұлулығына таң қалған. Тіпті, олардың арасында да әншінің әдемілігіне күдіктенетіндер болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары