$ 449.3  489.69  4.89

«Славян базарында» Әміре бірінші орынға ие болды

Витебск қаласында өткен 26-шы «Славян базары» халықаралық ән байқауында отандық жас әнші Әміре бірінші орынға ие болды. Бұл қуанышты жаңалықпен әншінің өзі Instagram-парақшасында бөлісті.

«Алдыңғы кезеңде денсаулығыма байланысты ойдағыдай өнер көрсете алмадым. Бірақ ауырғанымды ешкімге айтпадым, сонда да жоғары ұпайға ие болдым. Аллаға шүкір, бүгін бәрі керемет болды! Алланың қалауымен, Қазақстан бірінші орынға ие болды. Румыния әншісі бас жүлде алды. Ұпайларымыз бірдей болғанмен, әділ-қазылар шешімі осындай болды. Мен барымды салдым», - деп жазды әнші.

Айтуынша, 156 ұпаймен румыниялық әншімен тең түссе де, Әміреге бас жүлде бұйырмапты. Сол үшін ол қазақстандықтардан ұялып отырғанын да жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары