$ 449.3  489.69  4.89

Айдана Меденова босанған соң толып кетпеудің жолын айтты

Босанған соң қалай толып кетпеуге болады? Бұл әйел адамдарды жиі мазалайтын сұрақтардың бірі. Бұл сауалды Айдана Меденоваға тыңдармандарының бірі қойды.

«Босанғаннан кейін іштен қалай арылдыңыз? Формаға қайта келу үшін қанша уақыт қажет?», - деді желі қолданушысы. Меденова болса: «Жүктілік кезінде артық салмақ жинамасаңыз, іш өзімен өзі кетеді. Екінші ретте бұл процесс ұзақтау жүрді, дегенмен кетті. Ең бастысы, тамақты аз мөлшерде тұтыну, жалқауланбау және көп қимылдау. Жалпы баласы бар әрі жұмыс істейтін әйел үшін басқаша мүмкін де емес», - деп жауап берді.

Сондай-ақ ол «Күйеуіңізді неге жиі көрсетпейсіз?» дегендерге жарының уақыты аз екенін, оның үстіне суретке түскенді ұната бермейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары