$ 446.49  475.38  4.79

Құрманай Бақтиярқызы өзінен 12 жас кіші сүйіктісін көрсетті (ВИДЕО)

Отандық әншілердің әндеріне сөз жазып жүрген белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы жұртқа өзінен 12 жас кіші сүйіктісін көрсетті. Ол өзінің Instagram-парақшасына ұлының әкесінің суретін жариялады.

Айтуынша, ақын келіншек бұл қадамға көпшіліктің сұрауы бойынша барған.

«Баламның әкесінің суретін оқырмандарым қаншалықты саналы екендерін тексеру үшін салдым. Мен ешкімнен ештеңе жасырған жоқпын. Сіздер құнды сөзге неге мән бермегенсіздер? «Баланы тапсам, өзім үшін. Ол – міндетім. Ал, себепші болсаң, өзің үшін, құрметің» деген сөзіме мән бере ме деп ойладым. Бірақ сіздер көңілімнен шыққан жоқсыздар», – деп Құрманай өзін түсінбеген оқырмандарына ренішін білдіріп алды.

Қаламгер баласының әкесімен шариғат бойынша некелескен. Алайда, онымен бірге тұрмайды. Себебі, ол азаматтың одан басқа бірнеше әйелі бар көрінеді. Құрманай Бақтиярқызы олар қызғанбасын деп, сол үшін сүйіктісінің есімін атамай, «баламның әкесі» дейді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары