$ 447.4  477.55  4.76

Пианинода ойнаған Жанар Айжанованың қызы жұртты таңдай қақтырды (ВИДЕО)

Жанар Айжанова бұған дейін қызының бет әрлеуде алдына жан салмайтынын айтып, біраз жарнамалаған. Сөйтіп, оны жұрт сұлулық салонынан іздеп жүрсе, бойжеткен өнер саласына ден қойған боп шықты.

Әншінің өзінен аумай қалған қызы Айжұлдыз Адайбек 91 тобының орындауындағы әнді орындайды. Нотамен емес, тыңдау арқылы шығарыпты бұл шығарманы. Желі қолданушылары оның талантына таңырқап, болашағына сәттілік тілесті.

«Бұйырса, Қазақстанның жарық жұлдызы болайын деп тұрған қыз екен. Көз, тілден сақтасын сені», «Мұндай да өнерің бар ма еді? Сені тек бет әрлей біле ме десек. Жарайсың», «Керемет, әдемі орындадың, Айжұлдыз», - деп жазды олар.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбек Жанар Айжанованың жалғыз қызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары