$ 448.15  483.46  4.86

Бүркіт көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Белгілі әнші Бүркіт (Айбек) өзінің кезекті «Загадай желание» атты фильмі үшін көлігін өртеді. Бұл туралы видеоны әнші өз Instagram-парақшасына жүктеді.

«Міне, біз осындай кино түсіріп жатырмыз. Осы жылдағы экш-комедия», – дейді өртке оранған көліктің алдында тұрған Бүркіт.

«Загадай желание» фильмі осы жылдың күздің соңғы айында көрерменге жол тартпақ.

Айта кетсек, фильмде басты рөлді әнші Индира Еділбаева сомдайды. Сондай-ақ, кинода Бүркіттің өзі және келіншегі Аиша, актер Нұрлан Қоянбаев, Баян Алагөзова, Айым Сейітметова, Серік Ибрагимов, Бауыржан Сатов та көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары