$ 443.85  474.3  4.8

«Ақша не істетпейді»: Тамара Асар тұсау кескені үшін көлік мінгенін айтып мақтанды (ВИДЕО)

Тамара Асар Ақтаудағы Әлібек есімді балақайдың тұсауын кескені үшін көлік мінгенін айтып мақтанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Тамара Асар тұсаукесерден суреттер салып, бүлдіршіннің қадамына сәттілік тілеген.

«Лайымда қолым құтты болып, Өмірдің де, Өнердің де биігінен көрінетін Өрен болсын Әлібек!» деген жазабсының астына желі қолданушыларының бірі «Ақша адамға не істетпейді. Қалтаңызды толтырған шығар» деп жазып кетіпті.

Әнші осы пікірге кекетіп жауап қатты ма, ол жағы белгісіз тек той иелерінің өзіне көлік мінгізгенін айтқан.

Ал оның бұл жазбасын оқығандар Тамара Асарға құтты болсын айтып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары