$ 443.85  474.3  4.8

«Екеуіміздің көріспегенімізге 20 жылдан асты»: Талғат Теменов Баянның «Махаббат бекетін» ұрлағаны үшін заңгерге жүгінетінін айтты

Белгілі режиссер Талғат Теменов өзінің «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсіріп жатқан Баян Алагөзоваға ескерту жасады. Ендігіде ол арадағы дауды шешу үшін заңгерлерді қосуы мүмкін екенін айтып, продюсерге үндеу жолдады деп жазады «Қазақ үні».

Алайда, Баян Алагөзова өз сөзінде «Махаббат бекеті» емес, «Тағдыр бекеті» фильмін түсіріп жатқанын айтқан болатын. Десек те, ол кейіпкерлердің есімін Талғат Теменовтің повесінің желісі бойынша атаған.

«Сені есіміңмен атағаным үшін ренжімеген шығарсың деп ойлаймын. Өйткені сен менің студентімсің, ал мен өнердегі алғашқы ұстазыңмын. Екеуміздің арамыздағы дауға келісем. Мен әлеуметтік желілерде тіркелмегендіктен сенің маған қарата айтқаныңды журналистерден білдім. Егер есіңде болса, сен ауруханадан шыққаннан кейін маған қоңырау шалған едің. Сол кезде тезірек сауығып кетуіңді тіледім. Сонда сен маған «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсіріп, «бомба» жасауды ұсындың. Мұнан кейін көктемде маған фильмнің жалғасы туралы хабарлама жібердің. Бұл кезде мен біздің театр сахнасында «Оттелоны» қойып жатқан едім. Және саған заң туралы, ол үшін біздің заңгерлеріміз керек екенін айттым. Оның үстіне «Махаббат бекеті» фильмінің сценариі менің 1980 жылдары жазған авторлық повесімнің желісі негізінде жазылған. Сол уақыттан бері біз хабар алмаспадық және көрсіпедік (ал екеуіміздің көріспегенімізге 20 жылдан асты). Сен тек менің көмекшіммен сөйлестің», – дейді Теменов.

Ары қарай режиссер «Өз фильмімді түсіріп жатырмын» деген Баянға онда неліктен «Махаббат бекеті» фильмінің кейіпкерлерінің есімдерін қолданып жатқанын сұрайды. Сондай-ақ, Талғат Теменов Баянға егер бұл мәселе бітпесе, онда заңды түрде шешетінін ескертті.

«Егер сен басқа фильм түсіріп жатқан болсаң, мені не үшін іздедің? Және неліктен кейіпкерлерді Орал, Гүлназ, Жеңіс деп атадың? Бұл менің фильмімнің және повесімнің кейіпкерлерінің есімдері. Егер фильмнің жалғасын немесе «Махаббат бекетіне» ұқсас дүниені түсірсең, мұндай жағдайда заңгерлерді қосуым мүмкін», – деп сөзін аяқтады режиссер.

Еске салсақ, «Махаббат бекеті» фильмінің режиссері Талғат Теменов фильмнің жалғасын түсіріп жатқан Баян Алагөзоваға ренішін айтқан болатын. Кейіннен Баян режиссердің авторлық құқығына қол салмағанын айтып, өзінің басқа фильм түсіріп жатқанын мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары