$ 448.15  483.46  4.86

Абай Бегей жас келіншегімен түскен суретін жариялады

Әнші Абай Бегей жақында ғана өзінен біраз жас кіші қызбен отбасын құрған болатын. Алайда, оны көпшілік сынға алған еді. Содан бері Абай Бегей жас келіншегінің суретін еш жерге жарияламады.

Бірақ кеше ғана Құрбан айт мерекесінде отбасымен серуендеген әнші жас келіншегі және үш баласымен түскен суретін Instagram-прақшасына жүктеген.

«Құрбан айт мейрамымен баршаңызды құттықтаймыз! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Отбасыларыңызға амандық, татулық, береке-бірлік тілейміз! Ауырып жатқан бауырларымыздың Алла Тағала дендеріне саулық, дерттеріне шипа берсін! Айттан айтқа төрт көзіміз түгел аман-есен жете берейік!» – деп жазды оқырмандарын айт мерекесімен құттықтаған Абай желідегі парақшасына.

Өз кезегінде желі қолданушылары Абай Бегейге және оның отбасына бақыт пен береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары