$ 447.4  477.55  4.76

«Қалай тыңдайсыңдар?»: «91» тобының әнін орындаған Алтынай Жорабаева желі қолданушыларының сынына қалды (ВИДЕО)

Танымал әнші Алтынай Жорабаева атышулы «91» тобының әнін орындаймын деп сынға қалды. Ол еліміздегі жастар тыңдайтын топтардың әнін қосылып орындаған видеосын Instagram-парақшасына жүктеген еді.

«4 балалы салиқалы әйелдің де сәл босаңсып, еркелейтін кезі болады ғой. Менің қыздарыммен қатарлас жастардың сұранысына ие, өте талантты топ – Ninety One. Қыздарыммен бірге тыңдап, билейміз», – деп жазды Алтынай.

Алайда, әншінің көңіл көтергені желі қолданушыларының көпшілігіне ұнамай қалды. Олар Алтынайдың жастардың әнін тыңдағанын сынға алып, оның 4 қыздың анасы және салиқалы әйел екенін есіне салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары