$ 449.58  486.94  4.86

Өзінен 20 жас үлкен жігітке ғашық боп қалған 19 жастағы астаналық бойжеткен жан сырымен бөлісті

Әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кеңес сұраған бойжеткен 38 жастағы сүйгенін жақындарын жұрттың қалай қабылдайтыны үшін алаңдаулы екенін жасырмады.

«Менің жасым 19-да. Ал ол 38 жаста. Арамызда жылдардың айырмашылығын көпшіліктің қалай қабылдайтынын білмей, алаңдап жүрмін. Бірақ бір-бірімізді шын сүйеміз.

Алайда жақындарым, ата-анам, достарым оны қалай қабылдар екен. Маған кеңес берсеңіздер екен. Өз бақытым үшін соңына дейін күресейін бе? Әлде осы жерден барлық қатынасымызды доғарғаным жөн бе?», - деді бойжеткен Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары бұл сезімнің өткінші екенін, жас айырмашылығы уақыт өте келе қарым-қатынасқа әсер ететінін айтты. Тіпті кейбірі бойжеткеннің үлбіреген жас екенін айтып, өзімен қатар жігіт табуға кеңес берген.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары