$ 448.89  477.93  4.76

Тойда күйеуімен ән айтқан Гүлназ Әлімгерей жұртты керемет даусымен таң қалдырды (ВИДЕО)

Жаңалықтар жүргізушісі Гүлназ Әлігерей тойда күйеуі Нұрділдә Оразбен ән айтып, керемет даусымен жұртты таң қалдырды. Осынау шақтағы видеосын Әлімгерей Instagram-парақшасына жариялаған.

«Дос, туыс, ет жақындардың ортасында Нұрділдә Ораз екеуміздің анда-санда орындайтын жалғыз дуэт әніміз. Оның өзі хит қой», - деп жазды Әлімгерей.

Видеоны 54 мыңнан астам адам тамашалап, 200 пікір қалдырған. Олардың барлығы жұбайлардың дауыстары жақсы үйлесіп тұрғанын айтады.

«Әдемі жұп! Әдемі ән! Әдемі орындау! Бақыттарыңыз еселене берсін», «Ән айтатын өнеріңіз барын білмеппін», - деп пікір қалдырды олар.

Айта кетейік, Гүлназ Әлімгерей мен Нұрділдә Ораз бүгінде 3 баланы тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары