$ 449.58  486.94  4.86

Төреғали Төреәлі: «Толқынды алмасаң, мені шешем деме» деді» (ВИДЕО)

Отбасылы екенін бірнеше жыл жасырып келген Төреғали Төреәлі былтыр пиар үшін келіншегіне тағы да ақ көйлек кигізіп, дүркіретіп той жасаған болатын. Қуанышында «Махаббатым мархабатым менің Толқыным, Түсінетін сендей кім бар сөздің төркінін?» деп жарына ән арнаған ол кезіндегі тойды еркінен тыс өткізген екен.

Төреғалиға әкесі Төреәлі 17 жасқа келгенде үйленуіне болатынын айтыпты. Бірақ анасы 25-ке дейін уақытың көп деп асықтырмаған.

«Анам Толқынды көрді де, «осы қызды алсаң алдың, алмасаң мені шешем деп есептемей-ақ қой» деді. Ойынан айныды. Солай болып қалды. Үйлендік», - дейді әнші Астана арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі жары Толқынмен бүгінде 3 қыз баланы тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары