$ 449.58  486.94  4.86

«Ұнайды»: Бағым Мұхитдинованың күйеуі Мөлдір Әуелбековамен ара-қатынасын жайып салды (ВИДЕО)

Бағым Мұхитдинованың күйеуі Әділжан Жүсіпов әнші Мөлдір Әуелбековамен ара-қатынасы жайлы айтты. Продюсерге Әуелбековамен жұмыс істеген ұнайды екен. Бұл туралы әңгіме Тимур Балымбетовтың «Если честно» бағдарламасында қозғалды.

«Мен Мөлдірді гастрольдік сапарға шығаратын директоры болдым. Продюсері болмадым. Онымен 7 жыл бірге жұмыс істестік. Мөлдір менің қандай адам екенімді жақсы біледі. Оның тәуелсіз болуы үшін мансабын басынан бастауы керектігін түсіндім», - деді продюсер.

Жүсіпов ел арасында Әуелбековамен әуей болған деген қауесетке де өз реакциясын көрсетті.

«Ары қарай кеттік. Маған онымен жұмыс істеген ұнайтын. Бары осы», - деп ол қысқа ғана жауап қайырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бағым Мұхитдинова Мөлдір Әуелбекованы ешқашан кешірмейтінін телеарна арқылы мәлімдеген. Бірақ не үшін екенін ашып айтқан емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары