$ 449.58  486.94  4.86

«Министрден сұраңыздар»: Төреғали Төреәлінің әкесі ұлының ұшақтағы тәртіпсіздігі жайлы айтты

Әнші Төреғали Төреәлінінің әкесі Төрәлі Әлиханұлы Алматы-Гонконг бортында болған тәртіпсіздік жайлы айтты деп жазады Tengrinews.kz.

«Ұлы Дала комедиясы» фильмінің тұсаукесеріне барған журналистер әнші мен продюсеріне ұшақтағы жағдай жайлы сұрақ қойды. Тілшілерге тек әкесі қысқа ғана жауап берді.

«Министрден сұраңыздар. Мен ол кезде Төреғалидің жанында болған жоқпын. Маған ол ештеңе айтпады», - деді Әлиханұлы.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйек күні Алматы-Гонконг рейсіне бала-шағасын шығарып салған Төреғали Төреәлі ұшақта шу шығарған болатын. Оны күту залына жіберген әуежай қызметкерлеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, 1 мың АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 1 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары