$ 444.32  473.33  4.76

«Мүшесін көрсетіп сатылудың қажеті жоқ»: «Меломен» тобының жігіттері жалаңаш әріптестеріне шүйлікті (ВИДЕО)

«Меломен» тобының жігіттері ашық-шашық суреттерін желіге жүктеп, бейнеклиптерге жартылай жалаңаш түсетін әріптестеріне ашулы. Олар бұндай қадамға барғандарды өзін саудалап жатыр деп түсінеді.

Әнші жігіттердің пікірінше, желіге жартылай жалңаш сурет жүктеу арқылы қыздар өздеріне арзан пиар жасайды.

«Міндетті түрде мүшесін көрсетіп сатылудың қажеті жоқ. Ашық-шашық суретін салу − сатылып жатырмын деген сөз. Осы арқылы мені әңгіме қылады» дейді. Like, пікір жинау үшін қазір көбі шешініп, пиар жасап жатыр. Оның түкке қажеті жоқ», − деді өнер иелері 31 арнаға берген сұхбаттарында.

Алайда желі қолданушыларының арасында әншілердің өміріне араласқан жігіттердің бұл әрекетін қолдамағандар қарасы көп.

«Осы меломандықтар-ақ әр нәрсеге жөн-жосықсыз араласа береді екен. Бұлар өздеріне пиар жасап жүрген сияқты», «Не киюді сіздерден сұрамаймыз. Жарасқанын таңдаймыз», «Сөздерінің жаны бар. Келісемін сынмен», − деп пікір қалдырды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары