$ 449.3  489.69  4.89

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны ресейлік арнада топ бастады (ВИДЕО)

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Screaming» әніне түсірілген бейнебаян ресейлік «МУЗ-ТВ» арнасында көрермендердің көп дауысына ие болып, көш бастады. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Screaming» әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің «МУЗ-ТВ» телеарнасының «музраскрутка» бағдарламасы арқылы көрермендер арасында жалпы дауыс беру жүйесі бойынша сынға түскен болатын. Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97 пайыз дауыс жинап жеңімпаз атанды. Дауыс беріп, үлкен қолдау білдірген барлық жанкүйер, тыңдарман қауымға үлкен алғыс айтамыз!», – деді қуанышымен бөліскен әншінің әкесі Instagram-парақшасында.

Сайыстың шартына сәйкес бейнебаян енді «МУЗ-ТВ» телеарнасында тегін ротацияға ие болып отыр.

Еске салсақ, Димаш Құдайбергеннің «Screaming» әнінің бейнебаяны осы жылдың мамыр айында шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары