$ 449.3  489.69  4.89

Ақботаға көз салған Кентал Айдарқұловтың ашуына тиді (ВИДЕО)

Ақботаға көз салған Кентал Айдарқұловтың ашуына тиген көрінеді. Жүкті әйелін қызғанған актер әріптестерімен жұдырықтасуға дайын.

«Қызғанба» атты бейнеклиптің желісі жанжалға толы. Онда әнші Кентал Дәурен Айдақұловтың сүйіктісі Ақбота Сейтмағамбетке қырындайды. Ал келіншегін қызғанған актер күтпеген жерден төбелес шығарады.

«Мен Дәуреннің келіншегіне қырындаймын. Ол сол үшін қызғанып жатыр», - дейді Кентал НТК арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында.

Ал өмірде Ақбота Дәуренді тіпті қатты қызғанатын көрінеді. Жұбайы қай жерде жүрсе де, жарына видеомен қоңырау шалып, есеп беріп отырады екен.

Еске сала кетейік, Сейтмағамбет пен Айдарқұлов «Гламур для дур» фильмінен кейін бір-біріне ғашық боп, махаббат хикаясын бастан кешірген. Олардың ортақ некелерінен жалғыз ұл бала бар. Әнші екінші сәбиіне аяғы ауыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары