22.10.2018, 11:14

Баян Алагөзованың қызы өзінің шошқа етінен бас тартпайтынын айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзованың кіші қызы Айару өзінің желідегі парақшасында бойындағы қасиеттері мен қандай тағамдар ұнататынын тізіп шықты. Оның ішінде Айару шошқа етін де жейтінін жазған. Алайда, желі қолданушылары оған ашуланып, мұсылманға шошқа етін жеуге болмайтынын ескертті.

«Мен мүлдем қызғаншақ емеспін. Досқа да, жігітке де сондаймын. Ер мен әйелдің арасындағы достыққа сенемін. Адам өзінің болашағына сенімсіздікпен қараса, онда мектептегі баға да, жоғары білімі де көмектесе алмайды.

Барлық ұлттың тағамын жақсы көремін. Теңіз тағамдарын да жеймін, шошқа етінен де бас тартпаймын. Суши мен раменді де ұнатамын. Әрине, бұл тізімде қазақ асханасы да бар. Бірақ болашақта еттен түбегейлі бас тартсам деймін. Кішкентай балалар мен жануарларға суықпын. Бірақ ит бөлек әңгіме», – деп жазды Айару Instagram-парақшасында.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.