$ 445.66  474.58  4.78

Илья Иьлин телесериалға түсіп жатыр

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин «Всемогущий» деп аталатын фантастикалық комедияға түсіп жатыр.

Фильмде үш ағайынды жынның қазіргі заманауи өмірі баяндалады. Олар әлемдегі алғашқы жын-блогер болу үшін бір-бірімен таласқа түседі. Үшеуі танымал болу үшін желідегі оқырмандардың айтқанын орындайды. Қазір сериалдың бірінші маусымы түсіріліп жатыр.

Сериалда спортшымен бірге актриса Айсұлу Әзімбаева рөл сомдайды.

«Бүгін «Всемогущий» фильмінің түсірілімінде болдым. Актер болып ойнаған өте қызық болды», – деп жазды Илья Ильин Instagram-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары