15.11.2018, 10:48

Танымал актердің ұлы қызтеке екенін мойындады

rg.ru

Голливудтың танымал актері Уилл Смиттің 20 жастағы ұлы Джейден Смит өз концерті кезінде тосын мәлімдеме жасады. Ол өзінің қызтеке екенін айтты. Десе де оның сөзінің рас екені не әзілдегені белгісіз деп жазады Stan.kz.

Уилл Смиттің ұлы Джейден рэпер Тайлерге деген сезімін айтып, онымен кездесіп жүргенін мәлімдеді.

«Тайлер бұл туралы айтқысы келмейді. Алайда мен айтсам деймін. Тайлер – менің жігітім және өмір бойы солай болған», – дейді Смит.

Желіде тараған видео кадрларынан Тайлердің де залда отырғаны байқалады. Джейденнің мәлімдемесінен кейін ол басын шайқап, күліп жіберді. Артынша рэпер желідегі парақшасында Джейденнің «есінен адасқанын» жазды.

Смиттің сөзі әзіл ме әлде рас па, ол жағы әзірге белгісіз қалып отыр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.