$ 443.85  474.3  4.8

«Армандарымның бірі орындалды»: Бүркіттің қарындасы төсін үлкейтті

Әнші, әрі блогер болып танылып жүрген Әсел Асқар арнайы ота жасатып, омырауын үлкейткен. Ол көптен бері ойлап жүрген арманын іске асырғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Мен әр нәрсеге байыппен қрайтын қызбын. Сондықтан бұл шешімге де келуім кездейсоқ емес, маммопластика жасауды көптен бері ойлап жүр едім. Оның барлық артықшылығы мен кемшін тұстарын саралап шықтым. Ақырында сенуге болатын дәрігер мен емхана іздедім. Үздігін дәрігер таптым. Ішкі жан-дүниеңді дамыту өте маңызды. Алайда ішкі дүниеміздің көп бөлігі сыртқы келбетімізге де байланысты», – деп жазды Әсел Instagram-парақшасына.

Өзін жаңа омырауда жақсы сезініп жүрген ол, келбетін өзгерткісі келетін қыздарды ешкімнің сөзін тыңдамауға шақырды.

«Қымбатты қыздар, егер келбетіңіздегі өзгеріс өзіңізге сенімділік сыйлайтын болса, ешкімді тыңдамаңыз. Арманыңызға қарай қадам басыңыз. Мұны шешетін тек қана сіз. Жұрт қашан да сөйлей береді», – дейді Бүркіттің қарындасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары