$ 449.58  486.94  4.86

Лондон әуежайында Димаш Құдайбергенді ерекше қошеметпен қарсы алды (ВИДЕО)

Даңқты әнші Димаш Құдайбергенді Лондондағы Хитроу әуежайында музыкамен және ду қол шапалақпен қарсы алды деп жазады Tengrinews.kz. Отандасымыз 19 қарашада Ұлыбритания астанасында тұңғыш жеке концертін өткізеді.

Қазақстандықтар Димашты Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайынан шығарып салған болатын. Олар әншіге алдағы концерттің сәтті өтуін тіледі.

Лондонда Димашты шамамен 100 адам қарсы алды, олар әлемнің түрлі елінен барған. Шотланд волынкасының үнімен әншінің тыңдармандары оны есік алдында күтіп алды, олар Димашқа сыйлықтар мен гүлдерін табыс етті. Жүздері эмоция мен қуанышқа толы фанаттар әншімен суретке түсіп, әңгімелесті. 

Дүйсенбі, 19 қарашада Димаш Құдайберген Лондондағы "Indigo at the O2" концерт залының сахнасында өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламаға баршаның сүйікті хиттері мен жаңа композициялар кіреді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары