$ 448.56  478.03  4.79

«Сұраса болады ғой»: Ернар Айдар өз әнін рұқсатсыз орындаған Әбдіжаппар Әлқожаға өкпелі (ВИДЕО)

Ернар Айдардың «Екеумізде бір жүрек» әнін жақында Әбдіжаппар Әлқожа «Кешірім жоқ» деген атаумен жарыққа шығарды. Алайда әнші Ернар Айдардан рұқсат алмаған болып шықты. Өзінің әніне рұқсатсыз сөз жаздырған Әбдіжаппар Әлқожаға өнер иесі өкпесін жеткізді. Бұл туралы ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында мәлімдеді.

«Екі қазақтың баласы басқа ұлттың әніне таласып жүргені өте ұят нәрсе. Әркімнің тыңдарманы бар. Ешкімді кемсітпеймін. Әбдіжаппар өзімнің бауырым. Еңбектеніп келе жатыр. Мен өзім жанашырмын.

Бірақ, «Ереке, әніңізді мен де орындасам» деп өтініш айтса, бір ауыз сұрай салса болады ғой. Біздің бір-бірімізге деген құрмет-сыйымыз ерекше болу керек», - деді Ернар Айдар.

Айта кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа аталмыш әнді қазан айының аяғында көпшілікке ұсынса, Ернар Айдар өткен жылы жарыққа шығарған.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары