17.12.2018, 12:47

Айсәуле Бақытбекке сырға салынды (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбекке қазақы дәстүр бойынша сырға салынды. Сіңлісінің қуанышты сәтін Аша Матай желідегі парақшасына жариялады. 

Аша Матай Stories-індегі видеода  «Бүгін Айсәулеміздің сырға салу рәсімі өтеді. Құдалықтамыз. Үйімізде осындай үлкен қуаныш болып жатыр» деп құдаларға арналған дастарған басынан сәлем жолдады. 

Той төріне Айсәуле Бақытбекті Баян Алагөзованың жақын құрбысы, танымал тележүргізуші Мәдина Балғабаева алып кірді. 

Тағы бір видеоларда күйеу жігіттің туыстары Айсәулеге сырға салып жатыр. 

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Айсәуле Бақытбек болашақ күйеуін туыстарымен ресми түрде таныстырып, кейін жігітімен фотосессия жасаған еді. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.