$ 447.4  477.55  4.76

«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесі үшін таласады

Режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты фильмі "Шетелдік үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесінің тоғыз үміттіден тұратын шорт-тізіміне кірді деп жазады tengrinews.kz америкалық жүлденің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Айка" картинасы Қазақстан атынан қатысып жатыр. Оның басты бәсекелестері - мексикалық Альфонсо Куаронның "Рим" атты фильмі, Каан кинофестивалінде "Алтын пальма бұтағын" алған жапониялық Хирокадзу Корээданың "Дүкен ұрылары" картинасы, польшалық режиссер Павел Павликовскийдің "Суық соғыс" картинасы, ливан лентасы "Капернаум", неміс картинасы Never Look Away, даниялық фильм "Кінәлі" және колумбиялық лента Birds of Passage. 

АҚШ киноакадемиясының жүлдесінен үмітті бесеу 22 қаңтарда аталады. "Оскар" жүлдесін табыс ету салтанаты 24 ақпанда өтеді.

"Айка" фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, Айка тастап кеткен ұлын іздей бастайды. 

Драмадағы басты рольде петропавлдық Самал Еслямова ойнады. Ол биыл мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде "Үздік әйел ролі" номинациясы бойынша жеңімпаз болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары