$ 448.15  483.46  4.86

«Қайыршы емессің»: Жанар Айжанова өзінен ақша сұраған әйелге ұрысып тастады

Танымал әнші Жанар Айжанова өзінен көмек сұраған әйелді ұрысып тастады. Айтуынша, одан ақша сұрайтындар соңғы уақытта көбейіп кеткен.

Жанар Айжанова өзінің желідегі парақшасына аяққа шыққан жараға жағатын дәріге жарнама жасаған. Сөйтсе, оқырманының бірі соны сатып алу үшін әншіден ақша сұрапты.

«Мен бір нәрсені түсінбеймін... «Әртістер ақшаны күрекпен жинап жатыр» деп кім айтты? Мына жараға жағатын дәрі көп болса, 1500-2000 тұратын шығар. Егер қолыңда телефоның болса, Instagram-ды тіміскілеп отыратын болсаң, демек кім болсаң да қайыршы емессің. Адамдар қандай арсыз болып бара жатырсыңдар?! Күнде осы, whatsapp-та, direct-те хатпен ақша сұрап жатады. Айтатындары сол, «кредитімді жауып бер», «бір көйлегіңді бер», «сырғаңды бер», «байым тастап кетті, мені асыра» деген әңгімелер. Не үшін мен ақша беруім керек? Садақаны кімге, қалай беріп жатқанымды қайдан білесіздер? Ұят емес пе? Қолдарыңда телефондарың, ар жағында отырып алып қайыр сұрап?! Намыс қайда? Әшейінде әртістерді жерден алып, жерге салып, мін айтқанда кереметсіздер. Мына кісінікі тіптен сорақы», – деп жазды Жанар Айжанова Instagram-парақшасында.

Алайда, Жанар Айжанованың бұл жазбасына көпшілік ашуланып қалды. Қайыршы деп айтқаны үшін олар әншінің өзін сөгіп тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары