$ 443.85  474.3  4.8

«Картоп та қуыра білмегенмін»: Қарақат Әбілдина өзінің ештеңеге икемі болмағанын айтты

Қарақат Әбілдина бойдақ кезінде ешнәрсеге икемі болмағанын айтты. Тұрмысқа шыққан кезінде ол картоп та қуыруды білмеген екен.

Отбасындағы бес қыздың ішінде үй шаруасына икемсізі болған әнші, тұрмысқа шыққаннан кейін ғана пысық болған. Сөйткен Қарақат қазіргі қыз-келіншектерге ақылын айтты.

«Мені үйдегілер «шұнағым», «алтын балығым», «ашық ауызым» деп атайтын еді. Ашықауыздығым әлі бар. Үйдегі бес қыздың ішіндегі ең жұмсағы, бәрінен қорқатыны, үй тірлігіне онша икемі келмейтіні мен болатынмын. Анашым, әсіресе, менің болашағыма қатты алаңдаушы еді. Себебі, сіңілім де, апаларым да өте өжет, ширақ болатын, қолдарынан бәрі келетін. «Сендер өлмессіңдер, мына ашық ауызымның тағдыры не болар екен», – дейтіні есімде. Енді қайтпек, Қақаты тұрмысқа шыққанда картоп қуыра да білмеген», - дейді әнші.

Бірақ күйеуге шыққаннан кейін барлығын меңгеріп,  ән де айтып, баланың да тәрбиесіне үлгеріпті. Сол уақытта анасы қызының пысқанына сүйсінген екен.

«Сол сияқты, «мәттақан» болуға өмірдің өзі үйретеді екен. Сондықтан «мен тамақ істей алмаймын, бәріне бірдей қарай алмаймын, үлгермеймін, сөйтпеймін-бүйтпеймін» деп қынжылмаңдар, қыздар. Бәрі сылтау. Тұрмыс құрып, басқа түскен соң, бәріне әккі боп кетесіздер. Өз өмірің – өз қолыңда, ұмытпаңыз, әйелдің 40 жаны бар», – деп Қарақат өз Instagram-парақшасында қыздарға ақыл айтты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары