$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда «Сайра, бұлбұл!» атты дәстүрлі әндердің концерті өтеді

Наурыз мерекесін тойлау аясында Алматыда 23 наурыз күні «Сайра, бұлбұл!» атты дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас таланттардың дәстүрлі музыка концерті өтеді.

Мәдени шара сағат 15:00-де Панфилов көшесіндегі сахнада өтеді. Ол Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұйымдастырылған.

«Елбасы өзінің жолдау-мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген еді. Қазақтың сондай бойымызда мәңгі қалуға тиіс, тамырын тереңнен тартатын ұлы өнерінің бірі дәстүрлі музыкасы. «Сайра, бұлбұл!» атты дәстүрлі музыка кеші де сол ардақты мұрамыз дәстүрлі өнер әлемінде жүрген жас талаптарды қолдау, қуаттау, оларды ынталандыру мақсатында өтеді», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары