$ 443.85  474.3  4.8

Димаш Құдайбергеннің бейнеклипін 150 мыңнан астам адам көріп үлгерген (ВИДЕО)

Белгілі талантты әнші Димаш Құдайбергеннің «Любовь уставших лебедей» әніне түсірілген бейнеклипін бір түннің ішінде 150 мыңнан астам адам көріп үлгерген. Кеше түнде ғана көпшіліктің назарына ұсынылған туынды Испания елінде түсірілген.

Әннің сөзін – Михаил Гуцериев, музыкасын – Игорь Крутой жазған. Клиптің режжисері – Алан Бадоев. 

Еске сала кетейік, 22-23 наурызда жас талант иесі Мәскеуде Мемлекеттік Кремль сарайында жеке концертін өткізді. Оның шығармашылық кешіне әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйерлері келді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары