$ 448.15  483.46  4.86

Нұрлан Қоянбаев ресми мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Белгілі актер, продюсер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев ресми мәлімдеме жасап, желі қолданушыларын таң қалдырды. Күні кеше ғана өзін президенттікке ұсыныпты деп жұртты дүрліктірген актер «Бизнес по-казахски» фильмінің жалғасы болатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде ол өзінің Instagram-парақшасындағы бейнежазбада баяндаған.

«Құрметті қазақстандықтар, отандастар, ардақты ағайын! Ресми түрде хабарландыру жасаймын. Біз командамызбен келісе отырып, шешім қабылдадық. «Бизнес по-казахски» киносының жалғасы болады», -деді аталмыш фильмнің бас продюсері.

Айте кетейік, КВН ойыншысы, шоумен, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың ҚР кезектен тыс президент сайлауына үміткер болатыны жайлы ақпарат тарағанын жазған болатынбыз. Кейін орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров оның президенттікке кандидатурасы орталық сайлауға келіп түспегенін мәлімдеді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары