$ 448.89  477.93  4.76

Анна Данченко қазаққа келін бола ма?

Белгілі әнші Абай Бегей «31-арнаның» «Айта берсін» бағдарламасының жүргізушісі Анна Данченконың қазаққа келін болатынын айтып, басына таққан орамалымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Анна келін @ann_2905 бұйыртса, орамалыңыз құтты болсын! Енді қайнағаңызға сәлем салатын болдыңыз. Кімге деп ойлайсыздар?»,-деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ұлты орыс болса да, қазақша сөйлеуден алдына жан салмайтын тележүргізушіні ақ жаулығымен құттықтап, барған жерінде бақытты болуына тілектестік білдірді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары