$ 448.15  483.46  4.86

Нұрлан Қоянбаев танымал кәріс актрисаларын киноға түсіреді

Белгілі актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев танымал кәріс актрисаларын киноға түсірмекші. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында айтты. 

«Шет елдерде кино түсірудің қиыншылығы жетерлік, дегенмен біздің компанияның шетелде кино түсіруі бір жағынан танымдық, екінші жағынан көрерменге ерекше әсер сыйлау мақсатында болып отыр. Сіздердің қолдауларыңыз осыған дәлел әрі болашақта Қазақстанмен қатар өзге елдерде де кино түсіруімізді жалғастырамыз. Осыған орай, KOLON group вице-президенті Сан Хо Шин мырзамен Кореяда кино түсіру мәселесін талқыладық. «Әр елдің заңы басқа...» демекші, осы жоспарды айқындау мақсатында келіссөздер өткізу үстіндеміз. Сіз фильмде қай кәріс актрисасын көргіңіз келеді? Сон Хе Ге немесе Пак Шин Хе?»,-деп жазды әзілкеш.

Желі қолданушыларының бірі өзіміздің қазақ қыздары түссін десе, енді біреулері екі актрисаның бірін таңдап әлек болды. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары