$ 449.58  486.94  4.86

Айтыскер Аманжол Әлтай Қанат Әлжаппардан өнерді қорламауын сұрады

Елімізге танымал айтыскер-ақын Аманжол Әлтай әртіс Қанат Әлжаппардан киелі өнерді қорламауын сұрады. Бұған дейін Қанат пен өзге де эстрада әншілері "Жұлдыздар айтысы" деп аталатын жобаға қатысып, көпшілік тарапынан сынға ұшыраған болатын.

А.Әлтай айтыстың еріккеннің ермегі емес екенін, өнерді қорлауға болмайтынын өзінің Фэйсбук-парақшасында жазған.

«Қанат бауырым, бойыңда азаматтық намысың болса, ұлттық өнерге деген құрметің болса, енді айтыс саxнасына шықпауыңды сұраймын. Айтыс өнері еріккеннің ермегі емес, өнерді олай қорлауға болмайды... Қазақтың баласы болсаң енді қой, ақылың жетсе кешірім сұрасаң да артық емес. Төреғали, Еркін, Роза секілді ақындық таланты бар өнер иелерінің айтысқа шыққанын қолдаймын,жылы қабылдаймын. Жанар, Ұлықпан секілді айтыстан ауылы алыс әншілерге ақылға келіңіздер демекпін. Киелі өнердің кұтын қашырмайық!» дейді танымал айтыскер-ақын.

Айта кетейік, "Жұлдызды айтыс" биыл екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр, "Хабар" телеарнасы осынау тележобаны алғаш рет өткізген сәтте көпшілік қауым "айтысты бұлай қорлаудың қажеті жоқ" деп, эфирден қайта көрсетпеуін сұраған болатын. Дегенмен, телеарна өкілдері сынға ұшыраған жобаны биыл жалғастырды. Оған "Базар жоқ" театрының артисты Қанат Әлжаппаровтан бөлек Айгүл Иманбаева, Мөлдір Әуелбекова, Еркін Нұржанов, Мұхтар Ниязовтар қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары