Алматыда «Балалар әлем ырғағында» фестивалі өтті

11.10.2017, 17:08

Алматыда «Балалар әлем ырғағында» фестивалі өтті

Алматыда «Балалар әлем ырғағында» атты Қазақстан жастарының ІІ шығармашылық фестивалінің финалы өтті. Айтулы шараны Қазақстандық ЮНЕСКО ұлттық клубтарының федерациясы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырды.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның ЮНЕСКО ұйымына және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияға мүше болғанына 25 жыл толып отыр. Сонымен қатар, ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының құрылғанына да биыл 70 жыл. Бүгінгі фестиваль осы айтулы даталарға, сондай-ақ, Алматыда биыл жарияланған Жастар жылына арналып өткізілді.

Фестивальді кең ауқымды етіп өткізуге ҚР Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Сыртқы істер министрліктері, Қазақстандағы ЮНЕСКО мен ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссия, Алматы қаласының әкімдігі, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы қолдау көрсетті.

- Бұл жолы өткен байқаудың екі ерекшелігі бар. Біріншіден, балалар алғаш рет ҚР еңбегі сіңірген қайраткері А.В.Беляков бастаған атақты эстрадалық симфониялық оркестрінің сүйемелдеумен жұмыс істеп, өнер көрсетті. Екінші ерекшелігі, биыл біз 8 жеңімпазды Париж қаласында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өтетін «Рухани жаңғыру» атты жобаның таныстырылымында өнер көрсетуге жібереміз. Бұл ерекше мүмкіндікті балаларға сыйлап отырған ҚР Тұңғыш Президентінің қоры, - дейді Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының Бас хатшысы Назерке Сайлаубекқызы.

Енді сегіз түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанған Әзімбаев Мейірбек, Тұрсынәлиева Ажар, Қарлыбекова Ажар, Мәділ Айым, Мәділ Гүлім, Аружан Бақытқызы, Сұлтанбек Хұмар енді Париж төрінде өнер көрсетпек.

Бұл жоба еліміздің дарынды жас орындаушыларын табуға және қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Аталған жоба алғаш рет 2015 жылы ЮНЕСКО-ның 70 жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылған болатын. Ұйымның қолдауы арқасында ол еліміздің 1500 дарынды баласын қамтыды. Нәтижесінде, шалғай аймақтардан келген төрт финалист еліміздің өнер университеттерінде білім алу үшін гранттар жеңіп алды.

Мөлдір Бегімбет

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші