Алматыда актерлар Ерлан Біләлді қорғап баспасөз жиынын өткізді

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

08.01.2018, 16:30

Алматыда актерлар Ерлан Біләлді қорғап баспасөз жиынын өткізді

Алматыда актерлар Ерлан Біләлді қорғап баспасөз жиынын өткізді Санат Нұрбеков

8 қаңтарда Алматыдағы Мұхтар Әуезов театрында Ерлан Біләлдің әріптестері мен театр ұжымы жиын өткізді.

Жиынға жиналғандар Ерлан Біләлға қолдау білдіру үшін келгендерін айтты. Актер Асанәлі Әшімов "мұндай сатқындықты ұйымдастырған адамды сотқа шақырамын" деді. Ал жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин "Әуезов театрының жетістігі - Ерлан Біләлдің арқасы. Ол біреуге сеніп, құрбан болып отыр" деді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және кейбір мемлекеттік ақпарат агенттіктерінде Ерлан Біләлдің бірнеше адамның арасында тұрған, оның бірі Біләлдің қолынан ұстап, ортада 10 мың және 20 мың теңгелікке ұқсас ондаған купюра жайылып жатқан суреті тараған болатын. Жиынға келгендер фотоны агентік таратпағанын, адвокаттар суретті тексеріп жатқанын айтты.

Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләл 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айыппен ұсталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "кінәсін толық мойындағанына байланысты театр директоры тұтқындалған жоқ. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр" деп хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық 

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика