Өнерiм саған – ауылым

10.11.2016, 22:38

Өнерiм саған – ауылым

«Өнерiм саған – ауылым» атты бағдарлама аясында Құмкент ауылында кереметтей мәдени iс-шара өттi.

Мәдени шараларды қамтыған керуеннiң ұраны – «Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына – 25 гастрольдiк сапар» деп аталады. Керуендi «Ақ әжелер» ансамблi әсем әндерiмен, шашумен қарсы алды. Мәдени шараға келген көрермендердiң қарасы көп болды. Өнерпаздар тобын ауыл әкiмi Абай Көбеков, аудан әкiмдiгi iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Ақәдiл Сатыбалды, аудан әкiмдiгi мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi басшысының мiндетiн уақытша атқарушы Нұрғайша Балаубекова қарсы алып, келген қонақтарға сәттiлiк тiледi. Одан соң iс-шара ауылдық мәдениет үйiнде жалғасты. Жиынға қатысушылар рухани азық кiтап жайлы, тiл, мәдениет, жастар тәрбиесi туралы мағыналы әңгiмелер тиегiн ағытты. Жас ақындар жырларын оқыды. Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева өзiнiң өнердегi өмiр жолы, ұрпақ тәрбиесi, бүгiнгi жастар жайлы ойымен бөлiстi.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылып жатқан игі істер жетерлік. Мәдени және рухани шаралар ауыл тұрғындары үшін үлкен тосынсый болуда десек артық айта қоймаспыз. Мәселен, бір ғана «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» акциясы талай оқырманның жылдық азығына айналып отыр.

Сонымен қатар, жер-жерде ақындар айтысы мен мүшайралар, дәстүрлі ән орындаушыларының концерттері халыққа рухани азық болды. Мұндай пухани шаралар облыс көлемінде жыл соңына дейін жалғаспақ.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші