Оралхан шығармалары шымкентте оқылды

10.11.2016, 08:14

Оралхан шығармалары шымкентте оқылды

Биыл Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерiнiң республикалық байқауы Шымкент қаласында өттi әрі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды. Облыстық орыс драма театрында өткен сайысқа елiмiздiң әр өңiрiнен барлығы 16 үмiткер қатысты. Байқауды ұйымдастырған ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетiне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығының директоры Ербол Тiлешов конкурстың шымылдығын құттықтау сөзбен ашты. Ал, облыстық тiлдердi дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Н.Шарафиев облыс әкiмiнің құттықтауын көпшiлiкке жеткiздi.

Оралхан шығармаларын мәнерлеп оқыған жастар жазушы арқылы оқырманмен сырласқандай. Үмiткерлер проза, поэзия жанры бойынша сынға түстi. Қатысушылардың өнерiн жазушы М.Байғұт, фольклортанушы К.Матыжанов, ақын Ұ.Есдәулет, қоғам қайраткерi О.Асанғазы, «Айқын» газетiнiң бас редакторы Н.Жүсiп сияқты тiл, руханият жанашырлары бағалады. Дәстүрлi әншi Айнұр Әбiлдаева Нұртуғанның «Қанекей тiлiм, сөйлешi» термесiн асқақтата шырқады.

– Қазақ – сөзге тоқтаған халық. Өзiнiң ойын әрқашан да тұспалдап, көркемдеп жеткiзген. Биыл он сегiзiншi рет өткiзiлген «Оралхан Бөкей оқулары» елiмiзде қаншама мәнерлеп оқудың хас шеберлерiн тәрбиелеп шығарды, – дейдi қоғам қайраткерi О.Асанғазы.

Биыл байқауға қатысушылардың iшiнде осалы жоқ. Жүзден жүйрiк танылған алматылық Қадыржан Сабырақын бас жүлденi жеңiп алды. Бiрiншi орын қостанайлық Айдана Кәмелге берiлдi. Ал, екiншi орын қарағандылық Айсұлу Нұртайға, үшiншi орын солтүстiкқазақстандық Ақмарал Хинайға бұйырды. Жеңiмпаздар дипломмен, қаржылай сыйлықпен марапатталды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші