$ 444.32  473.33  4.76

Санкт-Петербургтегі терактінің ұйымдастырушысы қолға түсті (ВИДЕО)

Мәскеу түбіндегі Одинцово ауданында Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Санкт-Петербургтегі терактіні ұйымдастырған Қырғызстан тумасын қолға түсірді деп хабарлайды RT телеарнасы. 26 жастакы Аброр Азимовты ұстау операциясын қауіпсіздік қызметі кеше жүргізген болатын.

ФСБ мәліметінше, метрода өзін жарып жіберген Акборжан Жалиловты терактіге жерлесі Аброр Азимов дайындаған екен. Құқық қорғаушылар оны орман ішімен темір жолға қарай беттеп бара жатқан жерінен ұстаған.

Қауіпсіздік қызметкерлерінің "не үшін ұсталғаныңды білесің бе?", - деген сауалына Азимов "Иә" деп жауап берді. Оны тінту кезінде оқталған тапанша мен ұялы телефон және телефонның қорабы тәркіленіп алынды.

Ұсталған күдікті Ресей Тергеу комитетіне жеткізілді. Кейінірек белгілі болғандай, Аброр Азимов 2013 жылдың 25 мамырында Қырғызстан Республикасының азаматтығынан айрылған екен. Ол туралы президенттің жарлығы да шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары