$ 448.15  483.46  4.86

Өзбек президенті ақшаны текке шашқан шенеуніктерді жұмыстан қумақшы

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев импорттық тауарға ақша жұмсағаны үшін бірқатар мекеме мен кәсіпорын басшыларын сынға алды деп жазады Centralasian.org Regnum порталына сілтеме жасап.

Өзбекстанда дайын өнімнің түрлерін шығару үшін 5,5 млрд долларға 2,8 мың жоба жүзеге асырылған. Осыған дейін шетелден әкелінетін бұйымның 4,8 мың түрі қазір Өзбекстаннан шығады.

Өзбекстанның СІМ хабарлауынша, бұл мәлімет ел президенті Шавкат Мирзияевтың қатысуымен өткен үкімет жиынында айтылған.

«Нәтижесінде соңғы бес жылда импорт көлемі 752 миллион долларға қысқарған, 2016 жылы 286 миллион долларға қысқарған», – делінген хабарламада.

Бірақ ел президентінің импортты алмастыру бағдарламасының қорытындысына көңілі толмаған. Оның пікірінше, бірқатар мемлекеттік органдар мен шаруашылық бірлестіктері импорттың өсуіне жол береді. Олар ақшаны тиімсіз жұмсап отыр. Ол бірқатар компания басшыларына шетелден өнімге тапсырыс беретін болсаңдар, жұмыстан кетесіңдер деп ескерту жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары