$ 448.89  477.93  4.76

Жабайы қабандар «Ислам мемлекетінің» базасына шабуыл жасап, үш содырды өлтірді

Оқиға Ирактың Киркук қаласында орын алған. «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының базасы орналасқан маңды мекендейтін жабайы қабандар адамдарға шабуыл жасап, үш содырды өлтіріп тастапты. Бұл туралы Iraqi News порталы жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап хабарлады.

Лаңкестік ұйымның базасы Әл-Рашад ауданында орналасқан. Жабайы қабандар қоршалған осынау базаға жиі кіріп кетіп, лаңкестердің азық-түліктерін жеп кетеді екен. Сондай-ақ, егістікті таптап тастайтын көрінеді.

Жабайы жануарларды қуып шықпақ болған содырлар олардың шабуылдайтынын күтпесе керек, өздерімен қару алмапты. Аяқасты адамдарға тап берген қабандар олардың үшеуін сүзіп, таптап өлтірген. Әзірге бұл жайтқа қатысты «Ислам мемлекетінің» өкілдері ресми ақпарат таратқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары