$ 445.66  474.58  4.78

Бүгін Астана көшелерінде тағы да көлік қозғалысы шектеледі

3-4 мамырда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазақ Елі» алаңында әскери шеруге дайындық өткізуі кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі.

Атап айтқанда:

-  40-шы станциядан Байырқұм көшесіне дейін, Қошқарбаев көшесіндегі көпір астына дейін;

- Қошқарбаев көшесіндегі көпір астынан Б. Момышұлы даңғылына дейін;

- Тәуелсіздік даңғылы Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);

-  Ш. Қалдаяқов көшесі М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

- Нәжімеденов көшесі Ш. Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

-  Байтұрсынов көшесі Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

-  Қошқарбаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

- Б. Момышұлы даңғылы Сәтбаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.

Осыған байланысты кептеліс жағдайларына жол бермеу мақсатында қозғалыстың қолайлы маршрутын таңдау қажет.

Айта кетейік, 7 мамырда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына және Жеңіс күніне арналған әскери парад өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары