Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


04.05.2017, 11:22

Астанадағы "Байқоңыр" тұрғынүй кешенінен тағы бір бойжеткен секіріп қайтыс болды

Астанадағы Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғынүй кешенінің 21-қабатынан 20 жастағы бойжеткен қыз құлап қайтыс болды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы тұрғынүйдің ауласында бойжеткен қыздың мәйіті жатқандығы туралы ақпара полицияға 3 мамыр күні кешкі сағат 19:30-да келіп түсті. Қайтыс болған қыздың кім екені анықталды, ол 1997 жылы туған. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өзін өзі өлтіруге жеткізу) іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Белгілі болғандай, бойжеткен қыз 21 қабаттың балконынан құлап кеткен. Оның суицид жасаған-жасамағаны анықталып жатыр.

Еске салайық, "Байқоңыр" деп аталатын осынау тұрғынүй кешенінің 22-қабатынан былтыр жазда да 19 жастағы қыз секіріп қайтыс болған еді. Оның алдында тұрғынүй ғимараты өртенген болатын.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.