$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент әкімі мыңдаған адамның сүйегі жатқан жерге сауда орталығын салу ойынан айныды

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Қайтпас" шағынауданындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының атылған жеріне сауда ойын-сауық орталығын салу ойынан айныды деп жазады NUR.KZ. Яғни, қала басшысы қорымның орнына нысан салу шешімінің күшін жойып отыр.

«Саяси қуғын-сүргін жылдары аталған маңда орын алған жайттарға қатысты құжаттардың бәрін зерттеп шыққаннан кейін қала әкімі құрылысты тоқтатып, оны өзге жерге ауыстыруға тапсырма берді», — дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мұндай шешімді Ғабидолла Әбдірахымов осыдан біраз уақыт бұрын шығарған көрінеді. Тек, жергілікті ақсақалдар мен БАҚ өкілдері дабыл қаға бастағаннан кейін бұл туралы енді жариялап отыр.

Еске салайық, бұған дейін "Қайтпас" шағынауданында тұратын ақсақалдар сталиндік "қызыл қырғынның" кезінде мыңдаған адамның атылған орнына сауда орталығының салынғалы жатқанын айтып, тілшілерге шағымданған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары